ТрендыБәрі тең болғанда - Optimism.kz

Бәрі тең болғанда — Optimism.kz

-

- Advertisment -Banner 2


Дүние жүзіндегі мүгедектер жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау және білім беру саласында жиі қиындықтарға тап болады. Көп жағдайда жалақылары да аз және денсаулығына байланысты сапалы қызметке ие болу мен сапалы білім алу қиынырақ. Біздің ойымызша бұл әділетсіз көрінеді және оны түзету керек. Өкінішке қарай, Қазақстан БАҚ-да бұл жайлы нақты деректер жоқ. Бірақ БҰҰ, ЮНИСЕФ, ДДҰ-ның айтуынша, инклюзивті қоғам өкілдеріне қоғамға сіңісу әлі де қиынға соғады.

Бұл теңсіздікті жоюдың бірнеше жолы бар. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғайтын заң шығару керек. Екіншіден, инклюзивті қоғам өкілдеріне де қоғаммен қатар мүмкіндіктерді ұсыну керек. Қарапайым сөзбен айтқанда, олардың жұмыс күшіне қатысуына, білім алуына және сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретін ресурстар мен қолдау көрсету қажет.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасты да өзгертуіміз керек. Көбінесе олар қабілетсіз немесе көмекке мұқтаж болып көрінеді. Біздің пайымдауымызша бұл дұрыс емес. Мүмкіндігі шектеулі жандар да адам және оларға қоғам арасында қарапайым тұрғынға қарағандай қарау керек.

Ол үшін жұмыс пен әрекет ету қажет. Ал, бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – танымал киноәртіс, Ақжан Кәрім. Ол көп жылдар бойы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары үшін күресіп келеді және көмектесуде. Өзі де тағдырлас адам болғандықтан не істеу керектігін тынбай ізденген болатын.

2013 жылдың 26 ​​наурызынан бері жұмыс істеп келе жатқан «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры. Қауымдастық 9 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына, білім алуына, тренингтер өткізуіне, тіпті шығармашылық сәттерінде көмектесіп келеді.

Ұйым жақында Орталық Азияның Еуразия қорының Chevron компаниясымен бірлесе әзірлеген Qolda жобасы бойынша грант ұтып алды. Optimism.kz тілшісі Ақжанмен тілдесіп, жұмыстың қыр-сырын білді.

«АРДОС-Жүрек» туралы

Ақжан Кәрім ұйымды құру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай дұрыс және жүйелі көмектесу керектігін түсіну маңызды болғанын айтады. Ол проблемаларды өз басынан өткен тәжірибесінен білетін және оларды шешу тәсілдері туралы жиі ойланатын. Ақжан қоғамдағы ескіден келе жатқан мәселені шешкісі келді, сондықтан мұқтаж адамдарға қалай көмектесуге болатынын зерттей бастады.

Кейіпкеріміздің айтуынша, «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциямен танысқаннан кейін ол қолданыстағы заңнамалардың бір көзден қарағанда мінсіз бол көрінбейтінін түсінді. Ақжан ҚР заңнамасында назар аударуды қажет ететін тұстардың көп екенін айтты.

Одан кейін Ақжан мүмкіндігі шектеулі жандарға цифрлық технологияларды меңгеруге және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге көмектесетін жобалармен айналыса бастады. Ол бұл салаға үлкен сұранысын байқап, адамдардың қиындықтарын шешуге көмектескісі келгендіктен жұмыс істей бастады. Ақжанның жобалары көп адамның өміріне оң ықпалын тигізді және алдағу уақытта да жұмысты жалғастыруға ниетті.

Ақжан физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан барлығы тең болатын ортаны құру маңызды деп санайды. Бұл құжаттарда ғана емес, адамдардың өмірінде де көрініс табады. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың басқалармен әділ және тең дәрежеде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беретін жағдай жасауға ұмтылуда.

Ұйымның жұмысы жайында

Ұйымның қызметі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өте маңызды қызмет, өйткені мүгедектер өз құқықтарымен танысып, қандай жеңілдіктерге құқығы бар екенін білуі тиіс. Ең бастысы, олар бұл ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін білсе болғаны.

Кейбір мүгедектер өздерін қорғайтын заңдарды білмеуі мүмкін. Мысалы, цифрлық дәуірде көптеген ақпаратты интернеттен табуға болады. Дегенмен, кейде ақпараттың қайсысы шын, қайсысы жалған екенін анықтау қиын. Қысқа айтсақ, надандық көп проблеманы тудыруы мүмкін.

Мүмкіндігі шектеулі жандар ақпарат алып, құқықтарын қорғауды үйрену үшін көбіне тек «сарафандық радиоға» сүйенуге мәжбүр. Себебі заңнама тілі шұбарыңқы және көп жағдайда түсініксіз келеді. Өкінішке қарай, бұған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам да кінәлі – олар мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқықтарын түсініп, қорғай алуы үшін көп жұмыс істеуі керек.

«Бізге құқығымызды қарапайым тілмен жеткізіп жатқан жоқ. Сондықтан біз бір кездері Qolda жобасы әзірлеген Ten Qogam мобильді қосымшасын жасадық. Оның арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар барлық жеңілдіктерді, құқықтарды, өзекті жаңалықтарды біле алады. Сол жерден жұмыс таба алады. Бұл олардың уақыты мен қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп Ақжан бізбен бөлісті.

Ұйым заңдарды қарапайым, түсінікті тілмен баяндайды. Сонымен қатар, Ақжан Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты қабылданған заңдардың қоғамдық сараптамадан өтуі өте маңызды екенін айтты.

«Бұл бизнесте сәтті жағдайларды зерттеп, оларды іс жүзінде қолдану өте маңызды. Бұл, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға қатысты. Егер біз өз құқығымызды айтпасақ, өзімізді жария етпесек, онда бәрі солай болып қала береді. Біздің жағдайымызды мемлекет естуі керек», – деді ол.

Ақжан мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін тең дәрежеде сезініп, өздерін сол қалпында қабылдауы үшін инклюзивті ойлау жүйесін қалыптастыру маңызды екенін түртіп өтті. Олар өздерін тәуелді сезініп, қоғамға бір нәрсе қарыз деп ойлайды:

«Оған қоса бұл ешқандай дәйектермен ақталынбай отыр. Бірақ негізі, бұл маңызды – біз мемлекетпен сөйлескен кезде заңдарға сүйенуіміз керек».

«Qolda 4.0» жобасы аясында жұмыс

Кейіпкеріміз олардың бұл жобадағы ең басты мақсаты инклюзивті білім беруді бақылау екенін айтты. Олар тек проблемаларды емес, сәтті істерін де көруі керек. Сол сәтті нәтижелердің негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есеп жіберу керек.

«Мен инклюзивті білім беруді шын мәнінде инклюзивті болатындай етіп құру керек деп есептеймін және оны әлі де жетілдіруді қажет ететін кейбір салалар бар екенін ескеру керек. Бұған заңға қолданысқа енгізілген қателіктерді түзету кіреді», – деп қосты Ақжан.

Ұйым инклюзивті білім берудің шынайы және объективті көрінісіне ие болу үшін бүкіл ел бойынша қамтып, 400-ден астам білім беру мекемесіне мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Алынған нәтижелер бойынша олар Білім және ғылым министрлігіне есеп беруді жоспарлауда.

«БҒМ-мен біздің мақсаттарымыз біршама ұқсас – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін білім алу тұрғысынан қолжетімді ету. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студенттерге мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас жасауды үйреткіміз келеді. Оларға бізбен қалай байланыс орнату керектігін, қажет болса қандай көмек беретінімізді көрсеткіміз келеді», – деп әңгімеледі Ақжан.

Автордың айтуынша, адамдар көмектескісі келгенімен, оны ренжітпей, жағдайды ушықтырмай қалай дұрыс жасау керектігін білмей қалатын кездер болады. Сонымен қатар, авторлар бірлестігі мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал әзірлеуді жоспарлап отыр.

Көптеген педагог қауымы инклюзивті білім берудің не екенін аса түсіне бермейді. Дегенмен, егер дұрыс құралдар қолданылса және нақты процесс жүрсе, инклюзивті тәжірибені енгізу қиын емес екенін көрсете аламыз деп үміттенеміз. Бұл ойымызды дәлелдейтін көптеген жақсы мысалдар бар.

Ақжан инклюзия мәселесін жақсы түсіну үшін мұғалімдер арасында сауалнама жүргізбекші. Содан кейін талдау нәтижесі Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

Жаз мезгілінде «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерь ұйымдастыруды жоспарлауда, онда психологиялық тренинг өткізіліп, топтық жұмыс пен бейімделуді және т.б. үйретеді.

«Еті үйренісіп қалуы – қазір маңызды сәт, ал жазғы лагерь инклюзивті білім беруді дамытуға серпін беруі керек. Алдағы уақытта осы бағыттың тиімділігін көрсететін белгілі бір көрсеткіштермен жол картасын жасағымыз келеді. Өйткені инклюзия біздің басымызда пайда болуы керек екенін түсіну маңызды. Мұнда инклюзивті ойлауды қалыптастыру маңызды. Бұл біреу үшін емес, барлығы үшін жасалатынын түсінуіміз үшін, әдемі сандар мен әлдененің артынан қумауымыз керек», – деп мәлімдеді сұхбат беруші.

Сондықтан жоба «Баршаға арналған инклюзивті білім беру» деп аталады. Ақжанның айтуынша, инклюзия барлық жерде болуы керек. Олардың бұл жобадан үміті зор. Ал, біз олардың табысқа жететініне үміттенеміз.

«Qolda» бағдарламасының алдағы жоспарлары

Әңгімелеушіміздің сөзінше, бұл бағдарлама заман талабына сай. Адамдарға көмек көрсетіліп, қазіргі қоғамды толғандыратын мәселелер шешілуде. Олардың жобасы мүгедектерге, жұмыссыздарға және көптеген өзге де санаттағы адамдарға көмектесуде.

Болашақ жайына келер болсақ, ұйым мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға бағытталған тұрақты жоба құрғысы келеді.

«Қазір бізді әлеуметтік инновациялар қызықтыруда, өйткені трендте болу, мақсатты аудиторияның сұранысын қанағаттандыру өте маңызды. Біз 2-3 жыл бұрын ғана жұмыс істеген құралдардың енді жұмыс істемейтінін көріп отырмыз», – деді Ақжан.

Кейіпкеріміз болашақта барлығына арналған басқару мектебін құрғысы келеді. Яғни, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға үлес қосатын жастар қозғалысын құруды көздеп отыр.

«Сосын біз Интернетте отырып алып, әлеуметтік эксперименттерді немесе челлендждерді көріп, пікір жазып, «қандай тамаша» деп таңданып отырамыз, алайда шын мәнінде ешқандай да жұмыс жасалмайды. Сондықтан жастарға өздері шеше алатын әлеуметтік мәселелерін көрсеткен абзал. Біз оларға стереотиптік ойлаудан бас тартуды ұсынуымыз керек», – деп баса айтты Ақжан.

Бұдан бөлек Ақжанның ойында мүмкіндігі шектеулі жандар отбасымен бірге ыңғайлы әрі қолжетімді жерге қыдыра алу үшін, туризмді дамытып, оны қолжетімді ету жоспары бар.

«Жоспарларымыз көп. Дайын жобалар да бар, бірақ біз серіктес болу үшін демеушілер мен құрылтайшыларды іздейміз. Сөз соңында айтарым, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын мықты коалиция құрғымыз келеді біртұтас фронт болып, саламыздағы барлық ұйымдар бірігуі үшін. Бұл – мәселелерді шешу мүмкіндігін арттырады», – деп түйіндеді сөзін Ақжан Кәрім.



Source link

spot_img

Latest news

Чем плох ForteBank? Реальные мнения Казахстанцев

Команда Bizmedia.kz провела анализ ForteBank, что помогло поднять на поверхность имеющиеся проблемы банка. Предыдущие статьи: Чем плох Halyk Bank? Реальные...

Курс доллара к тенге в обменниках Алматы на сегодня, 27 августа

Официальный курс доллара к тенге на 27 августа составляет 472.20 тенге. В обменниках стоимость американской валюты немного другая. Далее будут...

В Казахстане дешевое и доступное жилье. Так ли это?

Стоимость жилья в Казахстане, хоть и дорожает, но все еще относительно низкая по сравнению с другими странами. По...

Курс рубля к тенге в обменниках Алматы на сегодня, 27 августа

Официальный курс рубля к тенге от Нацбанка на 27 августа равен 7.86 тенге. В обменниках цены немного другие. Корреспондент Bizmedia.kz —...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Социально значимые продукты подорожали на 18% за год в РК

Социально значимые продовольственные продукты и товары подорожали на 0,2% за неделю и сразу на 18% за год в...

Страны ЕС заплатили России 86 млрд евро за энергоресурсы

С начала действия войны страны ЕС заплатили России за энергоносители 86 миллиардов евро. В том числе 48,7 млрд...
Banner 2

Must read

- Advertisement -spot_imgspot_img

You might also likeRELATED
Recommended to you